Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапты міндет жүктеген мінбер

Жауапты міндет жүктеген мінбер

Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиында ауданда биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы атқарылар міндеттер талқыланды.
Бұл бойынша аудан әкімінің салалық орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы хабарлама жасап, әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Аппарат мәжілісінде аудан әкімі құрылыс, ауыл шаруашылығы, экономика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары және кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және құжаттамалық қамтамасыз етілуі мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есепте кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды, қол жеткізген көрсеткіштерді жеке-жеке талдап, әрбір сала бойынша жауаптыларға көрсеткіштерді көтеру бағытында қажетті жұмыстарды ұйымдастыруды қатаң тапсырды.
Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер мен жоспарлы индикаторлардың орындалуына, қаржының мерзімінде игерілуіне де нақты талдау жұмысын жүргізу керегін атап өтті. Сонымен қатар әрбір саладағы төмен нәтижелі көрсеткіштер бойынша жауаптыларды қатаң сынға алып, ескерту жасап, сыннан нәтиже шығаруды ескертті. Мәжілісте аудан басшысы алдағы жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу мәселесіне жіті тоқталды. Осыған байланысты аудан орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан 101 көп қабатты тұрғын үй мен аудандағы барлық өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандардың жылумен тұрақты қамтамасыз етілуін ескертіп, бұған қатысты ешқандай мәселе туындамау керегі жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Ауа райының қолайлы шағында егін жинау жұмыстарын жеделдету керегін айтты. Биыл аудан бойынша 17 445 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде 5636 гектары күріш дақылы. Бүгінде күріштің 4162 гектары ораққа түсіп, 3472 гектары бастырылған. Ауданда күріш ору жұмыстарын қазан айының 10-на және бастыру жұмыстарын 17-не аяқтау жоспарлануда.
Мәжіліс соңында барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына келер аптада Қызылорда қаласында өтетін «Алтын дән – 2025» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде тапсырма беріп, ауданның абыройы үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Жиында тұрғындарды сапалы және үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен жол құрылысы жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау, жасөспірімдер арасында түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу, кент, қала және ауылдық округтердің санитарлық-тазалығын қамтамасыз ету сынды бірнеше өзекті мәселелерге қатысты тапсырмалар берді.
А.АЙДАРҚЫЗЫ
11 қазан 2025 ж. 210 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031