Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындарға тиімді баға

Тұрғындарға тиімді баға

Өткен аптаның соңы аудан орталығындағы күйбең тіршілік, абыр-дабыр қозғалыспен аяқталды. Өйткені мұнда тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сатылған азық-түлік күнделікті сауда орындарындағы бағамен салыстырғанда едәуір төмен болды.
Жәрмеңке – Әйтеке би кентіндегі «Нұршуақ» автобекетінде өтті.
Мақсат – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, тұрғындарды қолжетімді бағадағы сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге Қазалы ауданынан барлығы 87 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Бекітілген кестеге сәйкес, қала, кент және ауылдық округтер мен жергілікті тауар өндірушілерден әрқайсысынан 1 автокөліктен қатыстырылып, барлығы 26 автокөлік жұмылдырылды. Жәрмеңке барысында тұрғындар тарапынан үлкен сұраныс байқалып, жергілікті өнімдердің сапасына оң баға берілді.
Сауда таңсәріден қызу басталып, ұзын-сонар кезек қалыптасты. Кәсіпкерлердің айтуынша, олардың тауарларының бағасы қарапайым дүкендерге қарағанда төмен. Бұл – қажет нәрсенің бәрін ұзақ мерзімге тиімді жолмен сатып алуға жақсы мүмкіндік. Азық-түлік жеткілікті көлемде сатылды. Қалта көтеретін сауданың қызғаны соншалық, өнімдер ертерек сатылып кетті. Ең бастысы, тұтынушы да, сатушы да дән риза.

А.АЙДАРҚЫЗЫ
23 желтоқсан 2025 ж. 220 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 44

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 42

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930