Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолжетімді баға көңіл қуантады

Қолжетімді баға көңіл қуантады

Күз береке мен молшылық айы. Ала жаздай еткен еңбек нәтижесін беріп, ауылдағы бау-бақша өнімдері мен көкөністер тұтынушыларға жол тартады. Қыс қамына кіріскен қазалылықтар өткен сенбіде аудан орталығындағы «Нұршуақ» автобекетіне жиналды. Себебі, мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы – сөреге қойылған өнімдердің барлығы дерлік қолжетімді бағада сатылды. Олай болатын себебі де бар. Мұнда негізінен жергілікті жерде өсірілген өнімдер саудаға салынды.

Жәрмеңкеге Алға, Аранды, Көларық, Арықбалық, Сарбұлақ, Құмжиек ауылдық округтері қауын-қарбыз, қой-ешкі және жем-шөп алып келсе, тағы бір кәсіпкер картоп және көкөніс өнімдерін сатты. Сауда көркін қыздырушылар қатары қалың болды. Әсіресе, картоп пен жуаны таласа алып жатқандарды көптеп кездестіруге болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге шығарылған заттар базар бағасымен салыстырғанда, бірнеше пайызға арзан ұсынылған. Картоп пен жуаның келісі 90 теңге болса, Қазалының қара күләбісі 100-300 теңгенің аралығында саудаланған. «Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қыркүйек-қазан айларында ауылшаруашылық жәрмеңкесі жүйелі өткізіліп тұрады. Өткен сенбіде 40-45 тоннаға жуық өнім әкелінді. Өнімдер нарықтан 10-15 процент төмен бағада бағаланды. Алдағы сенбі де Қазалы қаласындағы «Талап» автотұрағы алаңында өтеді деп жоспарлануда», – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай.

– Таңертеңмен жәрмеңкеге бардым. Базар нырқынан әлдеқайда арзанырақ. Үйге қажетті азық-түліктерді алдым. Тұрғындар риза, өйткені бізге тиімді. Ұйымдастырушылардың «Жәрмеңке әр сенбі өткізіліп тұрады» деген сөзі көңілге қуаныш ұялатты, – дейді кент тұрғыны Марал Ақназарова.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

10 қыркүйек 2019 ж. 1 436 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930