Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалтаны қақпады, шығынды ақтады

Қалтаны қақпады, шығынды ақтады


Аудан орталығындағы күйбең тіршілік абыр-дабыр қозғалыспен бас­талды. Өйткені мұнда тұрғындар үшін молшылық мерекесі саналатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қас қағым сәтте халық белгіленген орынға жиналып, қызу саудаға түсті. Сатылған азық-түлік күнделікті сауда орындарындағы бағамен салыстырғанда едәуір төмен болды.
Жәрмеңке – Әйтеке би кентіндегі «Нұршуақ» автобекетінде өтті. Оған қала, кент және ауылдық округтерден барлығы 25 көлікке тиелген 35 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Оның ішінде күріш – 8 тонна, сүт өнімдері – 1 тонна, ет – 3,5 тонна, балық өнімдері – 1 тонна, картоп және көкөніс – 20 тонна және 1 тонна «Қазалы» конфеті сатылымға шығарылды.
Жәрмеңкені аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, кәсіпкерлермен және тұтынушылармен тілдесіп, ұсынылған өнімдердің сапасын көрді. Мұндағы өнімдер нарық бағасына қарағанда 15-20 пайызға төмен сатылды.
Сауда таңсәріден қызу басталып, ұзын-сонар кезек қалыптасты. Артынып, тартынып келген тауар өндірушілер тұтынушыларға қолайлы баға ұсынды. Кәсіпкерлердің айтуынша, олардың тауарларының бағасы қарапайым дүкендерге қарағанда төмен. Бұл – қажет нәрсенің бәрін ұзақ мерзімге тиімді жолмен сатып алуға жақсы мүмкіндік. Азық-түлік жеткілікті көлемде сатылды. Әсіресе ет пен балыққа деген сұраныс арта түскен.
Қалтаны қақпайтын, шы­ғынды ақтайтын сауданың қызғаны соншалық, өнімдер ертерек сатылып кетті. Ең бастысы, тұтынушы да, сатушы да дән риза.

Айнұр ӘЛИ
01 сәуір 2025 ж. 209 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930