Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел қорғаны – Жанқожа

Ел қорғаны – Жанқожа

Жақында Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен Жаңқожа батырдың 250 жылдығына орай, «Ел қорғаны – Жаңқожа» атты мектеп оқушылары арасында драмалық қойылым байқауы өткізілді.
Сахналық қойылым байқауына ауыл мектебінің 7, 10 сынып оқушылары бақ сынады. Сахна шымылдығы Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы Бүркіт Әзидің сөзімен түрілді. Ол қатысушы оқушыларға сәттілік тілеп, батыр баба есімін ұлықтады. Мұнан соң жиналған көрермендерге Жаңқожа Нұрмұхаммедұлы жайында бейнеролик көрсетілді.
Байқаудың шарты бойынша қатысушы драмалық ұжымдар Жаңқожа батыр жайында берілген уақытқа сай қойылымды сахналады. Аталмыш сайысқа тыңғылықды дайындалған оқушылардың көрінісі көрермендер жүрегінен орын тауып, қошеметіне ие болды.
Драмашылар додасының қорытындысында әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды ерекше, әртістік талантымен таңдандырған Қасым Балымбетов жетекшілік ететін 7 «Б» сыныбы ұжымы жеңіп алды. ІІ орын Еркінкүл Бақтілеудің 10 «Б» сыныбы ұжымы иеленсе, ІІІ орын Жадыра Мәмбетова бастаған 7 «А» сыныбы ұжымына бұйырды.
Сонымен қатар «Көрермен көзайымы» номинациясына Салтанат Шамаран, ал «Үздік ер бала бейнесі» номинациясына Ерасыл Рау лайықты деп танылды. Драма ұжымдары бақ сынаған байқау соңы ауылдық клуб өнерпаздарының әсем әнімен тәмамдалды.
С.ӘЛИҰЛЫ
03 ақпан 2024 ж. 280 0

Сазгер кеші

01 маусым 2025 ж. 109

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30