Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Көңілден шыққан қойылым

Көңілден шыққан қойылым

Жуырда Р.Бағланова атындағы мәде­ниет орталығында Қызылорда қалалық жас­тар театрының «Неге?» атты спектаклі көпшілікке ұсынылды. Оны ҚР Мәдениет қайраткері, жастар театрының режиссеры Оңталап Нұрмаханов пен жас әртіс Әл-Мұхаммед Алдажаров сахнаға дайындады.
Аталмыш қойылымда қоғамның көлеңкелі жағы, біз өмір сүріп жүрген кезеңге тұспа-тұс келген діни радиакалды және терорлық ұйым өкілдерінің саясаты айқын бейнеленген. Мұнымен қоса, ел ішіне бүлік салатын әрекеттен аман құтылудың бір ғана жолы дұрыс таңдау жасау екендігі нақты көрініс тапқан.
Осы орайда, жастар театрының «Неге?» атты драмалық қойылымы көрерменге жөнді жол сілтеу, жастардың діни теріс ағымдардан алыс жүруіне бағыт берген. Сонымен қатар, адасқан жандардың арбауынан қалай құтылу керек екенідігі де көпшілік назарына ұсынылған.
Байділда Айдарбековтің шығармасының желісі бойынша сахналанған драмада діни экстремизмнің құрбанына айнала жаздаған қыздың әрекеті бейнеленеді.
Қойылым желісі туралы театрдың жас актрисасы Динара Нұрлыбаева:
– Жалпы қойылымда әкесінен айырылып, теріс бағыттағы топтың арбауына түскен Нұргүл есімді қыздың қиындыққа толы тағдыры көрсетілген. Нұргүлдің «Үйіңді сат» деп мазасын алғандар мемлекеттік сынақтан да құлатып, аурушаң анасының көзін құртпақ болады. Сондай-ақ, махаббаты Мұрат екеуінің арасына от салады. Бетін тұмшалап, өзін жақсы адам ретінде көрсеткен Жаңылдың құйтырқы әрекеті соңында ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері көмегімен әшкереленеді, – дейді.
Көрерменнің ыстық ықыласына бөлен­ген жастар театрының спектаклі алдағы уақытта аймақтың басқа да аудандарында жалғасын таппақ.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ
06 қараша 2018 ж. 1 792 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 192

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 191

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930