Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сатирик Әбдрасул Ахметовтың 70 жылдығына орай әзіл-сықақ драма үйірмелерінің фестивалі өтті

Сатирик Әбдрасул Ахметовтың 70 жылдығына орай әзіл-сықақ драма үйірмелерінің фестивалі өтті

Бүгін Қазалы ауданында өзінің өткір сөзімен, астарлы әзіл, шымшыма шындыққа толы туындыларымен елдің ыстық ықыласына бөленіп, күлкінің ішінде үлкен ой тудырған сатирик, қаламы ұшқыр дарын иесі — Әдрасул Ахметовтың 70 жылдығына орай әзіл-сықақ драма үйірмелерінің аудандық фестивалі өтті.
Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен «Сахнада өткен ғұмыр» атты фестивалге аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, фестивалге қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ерекше дарын иесінің ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі жайында айтып өтті.
-Сатира – ел ішінде жүрген шын суреткердің, шын ізденімпаздың, шын ұлт жанашырының қаруы. Бұл өнердің салмағы жеңіл көрінгенімен, жауапкершілігі зіл батпан. Осы жолда талмай еңбек етіп, өзінің дара қолтаңбасын қалыптастырған Әдрасул Ахметұлының еңбегі – зор құрметке лайық. Әдрасул Ахметұлы - Қазалы топырағының тынысын терең түсінген, ел ішіндегі тіршілікті қалт жібермей, қоғамға ой тастай білген санаулы дарын иелерінің бірі. Жастарға жол көрсетіп, өнердегі өрендерге өнеге болған тұлға. Ағамыз өнегелі өмір жолында бірнеше жылдар бойы ауданымыздың мәдениет саласын басқарып, саланың дамуына үлкен үлес қосты. Мәдениет саласында еңбек ете жүріп, Ахметовтерден құралған Қазалының «Тамашасын» құрды. Өнерлі ұжым ерекше сатиралық қойылымдарымен көрермендерінің ықыласына бөленді. Бүгінгі фестиваль – елге еңбек еткен, ұлттың рухын күлкімен көтере білген азаматқа көрсетілген құрмет. Ағамыздың өмір жолы – жас қаламгерлер мен өнерпаздарға үлгі, өшпес өнеге. Аудандық фестивалге қатысушы әзіл-сықақ драма үйірмелеріне сәттілік тілеймін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мұнан соң Әбдрасул Ахметовпен бірге қызмет жасап, замандас болған ел ағалары Нажмадин Шамұратов, Жанатқа Бекжанов, Ешмаханов Сақтаған мен Есекеев Құдайберген сынды азаматтар сахна төріне көтеріліп, сатира саңлағы жайында жылы естеліктерімен бөлісті.
Аудандық фестивалдің қорытындысымен «Көрермен көзайымы» номинациясымен, аудандық оқушылар Үйінің «Өнегелі орда» драма ұжымы, «Өнерлі ұжым» номинациясымен, Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінің «Шабыт» драма ұжымы, «Ойлы әзіл» номинациясымен, Жалаңтөс батыр ауылдық клубының драма ұжымы, «Сатира саңлақтары» номинациясымен, Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, «Үйлесімді сатира» номинациясымен Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінің «Кент шоу» драма ұжымы, «Күлдіріп отырып жылатқан» номинациясымен Қ.Пірімов ауылдық клубының драма ұжымы марапатталды.
Ал, сахна саңлағы Әбрасул Ахметовтың достары бүгінгі фестивалдің жеңімпаздары аудандық мәдениет орталығы жанындағы «Қазалы қалжыңы» ұжымына «Үздік әзіл-сықақ» арнайы номинациясын табыстады.
07 қараша 2025 ж. 129 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 150

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 121

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930