Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай ауылында көшпелі қабылдау өтті

Абай ауылында көшпелі қабылдау өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында Абай ауылында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, шешілу жолдарын қарастыру, заңгерлік, құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан кеңестер беру.
Қабылдауға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, тиісті сала басшылары, сондай-ақ құқық қорғау саласының өкілдері мен заңгер мамандар қатысты.
Ауыл тұрғындары қабылдау барысында бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жайылымдық жердің тапшылығы, ауылдағы әлеуметтік нысандарды газдандыру, тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмыс орындарының жетіспеушілігі, кәсіп ашу және құқықтық көмек алу сияқты мәселелер көтерілді.
Мамандар әрбір мәселені жеке қарап, заң аясында кеңес берді. Сонымен қатар, кәсіп ашуға ниетті азаматтарға «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат ұсынылды.
Партия өкілдері айтылған ұсыныстар мен өтініштердің назардан тыс қалмайтынын, олар тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастырылатынын және бақылауға алынатынын жеткізді.
#AMANAT
17 шілде 2025 ж. 234 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031