Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалаңтөс батыр ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Жалаңтөс батыр ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Фото: Ернұр КАМА
Бүгін «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарашеңгел ауылдық округінің орталығы Жалаңтөс батыр ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаттары Әділбек Сарабеков пен Күншығар Әбілов, сондай-ақ құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Ауылдық клубта өткен қабылдауға келген тұрғындар ең алдымен жайылымдық жер мәселесінің өзекті екенін айтты. Олар мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың жайылымдық жердің тарылуы салдарынан малдарына қажетті азық таба алмай отырғандарын жеткізді. Осы тұста нақты шараларды қабылдауды сұрады.

Тұрғындар жер мәселесімен қатар, ауылға жеке учаскелік инспекторды бекітуді маңызды мәселе ретінде көтерді. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, жұмыспен қамту, әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелерін ашық айтып, тиісті жауапты органдардан кеңес сұрады. Сондай-ақ кәсіп бастауға ниетті азаматтарға «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпарат берілді.

Осылайша, тұрғындар партия өкілдерінен талап-тілектері бойынша нақты шаралар қабылдауды сұрады. Өз кезегінде аманаттықтар өзекті мәселелерді оңтайлы шешу белгілі бір мерзімді қажет ететіндігін, тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілетінін және бақылауға алатындарын атап өтті.

#AMANAT
20 ақпан 2025 ж. 274 0

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 25

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 25

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 24

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 28

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 27

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 23

Энергетикалық әлеует артуда

23 желтоқсан 2025 ж. 25

Өңір дамуының маңызды қадамы

23 желтоқсан 2025 ж. 22

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031