Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында теміржолшылармен көшпелі қабылдау өтті

"Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында теміржолшылармен көшпелі қабылдау өтті

Бүгін «Қамқор Локомотив» ЖШС Қазалы локомотив жөндеу депосында орналасқан «Қазалы ЛЖЗ» бастауыш партия ұйымында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауға «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, депо директоры Нұрлан Алмағамбетов және әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, құрылыс сынды түрлі салаларға жауапты бөлім басшылары мен мамандар қатысты.

Кездесу барысында теміржол саласының қызметкерлері мамандармен тікелей байланысып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Қойылған сұрақтардың қатарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, Әйтеке би кентіндегі жолдарды жөндеу, көше жарықтандыру, қоғамдық көлік қызметі, санитарлық тазалық, тұрғын үй және жер телімдерін алу сынды маңызды мәселелер болды.

Қабылдаушы тұлғалар әрбір сұрақ бойынша нақты түсініктеме беріп, зерделеуді қажет ететін мәселелерді бақылауға алды. Сондай-ақ, қаржыландыру мүмкіндіктері мен бюджет шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобалар жайында кеңінен ақпарат ұсынылды.

Айта кетейік, аталған шара «AMANAT» партиясының тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, жергілікті мәселелерді шешуге атсалысу бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

#AMANAT
19 маусым 2025 ж. 192 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031