Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

Грек-рим күресінен республикалық турнир басталды

Кеше Қазалы ауданында білікті бапкер, Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері, КСРО спорт шебері – Көбегенов Сапарбек Төлегенұлын еске алуға арналған грек-рим күресінен 2011-2022 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.
Республикалық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, жас балуандарға сәттілік тіледі.
- Президентіміздің, Үкіметтің және аймақ басшысының қолдауымен ауданымызда спорт инфрақұрылымы мен бұқаралық спортты дамытуға көптеп көңіл бөлініп келеді. Бұған дейін ауданымыздағы Қ.Пірімов, Ү.Түктібаев ауылдарынан бұқаралық спортты дамыту мақсатында заманауи спорт кешендері, сондай-ақ бірқатар елді мекендерде спорт алаңдары мен ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы аудан орталығында 200 адамға арналған «Әмір арена» спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінен, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарынан үш бірдей спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Көрсетілген қолдаудың арқасында жыл сайын қазалылық спортшыларымыз түрлі деңгейдегі ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды көкте желбіретіп, аудан абыройын асқақтатып келеді. Бүгінде спорттың дәл осы грек-рим күресінен биік белестерді бағындырып жүрген қазалылық балуандарымыз жетерлік. Білікті бапкер Сапарбек Көбегеновті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирді ашық деп жариялаймын. Спорттағы жетістігіміз бен жеңісіміз азаймасын! Барлық балуандарға сәттілік тілеймін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Турнирдің ашылу салтанатында облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, спорт ардагері, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» Қуанған Бәкен және Сапарбек Төлегенұлының туыстарының атынан Мұратбек Жарылқасынов сөз сөйлеп, білікті бапкердің ауданның спорт саласының дамуына қосқан үлесі жайында атып өтті.
Айта кетейік, екі күнге созылатын балуандар бәсекесіне еліміздің Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан және басқа да қалалардан 200-ге жуық жас балуандар қатысуда.
Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатқан балуандар сайысының алғашқы кездесулерін аудан әкімі турнирге келген қонақтармен бірге тамашалады.
Бүгін балуандар бәсекесінің қорынтындысымен турнирдің үздіктері мен жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтарға ие болмақ.
14 қараша 2025 ж. 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930