Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гандболдан облыс чемпионаты басталды

Гандболдан облыс чемпионаты басталды

Жақында ауданда Гандболдан XII облыс чемпионатының 3-інші айналымының жарысы басталды. Әйтеке би кентіндегі №204 орта мектептің спорт залында өткен жарысты аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Қазір өңірде спорт саласы дамып келеді. Саладағы құрылыс қарыштауда, спортшылардың жеңісі еселенуде. Ауданда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Қ.Пірімов, Үрмәш Түктібаев ауылдарынан бұқаралық спортты дамыту мақсатында заманауи спорт кешендері, сондай-ақ бірқатар елді мекендерде спорт алаңдары мен ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Былтыр аудан орталығында 200 адамға арналған «Әмір арена» спорт кешені ашылды. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінен, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарынан үш бірдей спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Жыл сайын қазалылық спортшылар түрлі деңгейдегі ірі жарыстарда топ жарып, аудан абыройын асқақтатып жүр. Оның ішінде ұзақ жылдық тарихы бар спорт түрі – гандболға қызуғышылық танытқандар тәжірибесін шыңдап, аудандағы гандбол спортының дамуына үлес қосып келеді.
– Ауданның гандболшы қыздарынан құралған команда жыл сайын республикалық, облыстық чемпионаттардан жүлделі оралып жүр. Мәселен олар «Алтын күз» дәрстүрлі облыстық спартакиадасының 5 мәрте жүлдегері атанып, облыс чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Ал гандболдан аудан құрамасының мүшесі Бану Көпжан – Қазақстан Республикасының 8 дүркін чемпионы, клубтар арасында Қайсар құрамында Азия жеңімпазы, 4 жылда бір болатын Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бүгінде біздің спортшылар спорттың қай түрінен болмасын қасиетті Қазалының спорттық айбынын лайықты түрде қорғап келеді, – деді аудан әкімі.
Жарыстың ашылу салтанатында Қызылорда облысының гандбол федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Ким сөз сөйлеп, ұйымдастырушылармен жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп жатқан аудан әкіміне ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, гандболдан XII облыс чемпионатының 3 - інші айналымының жарысына Қызылорда қаласы мен облыстағы барлық аудандардан 8 команда бақ сынауда. Жарыс 2 күнге созылмақ.
Айнұр ӘЛИ
11 қараша 2025 ж. 150 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031