Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда гандболдан облыс чемпионатының 3 айналымының жарысы басталды

Қазалыда гандболдан облыс чемпионатының 3 айналымының жарысы басталды

Бүгін Қазалы ауданында Гандболдан XII облыс чемпионатының 3 - інші айналымының жарысы басталды. Әйтеке би кентіндегі №204 орта мектептің спорт залында өткен жарысты аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп ашып беріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Президентіміз бен аймақ басшысының қолдауымен өңірдің спорт саласында жүзеге асып жатқан нәтижелі жұмыстар жайында айтып өтті.
Қазыналы Қазалы ауданында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Қ.Пірімов, Үрмәш Түктібаев ауылдарынан бұқаралық спортты дамыту мақсатында заманауи спорт кешендері, сондай-ақ бірқатар елді мекендерде спорт алаңдары мен ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілсе, өткен жылы аудан орталығында 200 адамға арналған «Әмір арена» спорт кешені ашылды. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінен, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарынан үш бірдей спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Жыл сайын қазалылық спортшыларымыз түрлі деңгейдегі ірі жарыстарда топ жарып, аудан абыройын асқақтата түсуде. Қазалы ауданында гандбол спорты өте қарқынды дамып келеді.
Себебі ауданның гандболшы қыздарынан құралған команда жыл сайын республикалық, облыстық чемпионаттарда аудан абыройын асқақтатып келеді. Қазалы ауданының гандболдан қыздар құрамасы «Алтын күз» дәрстүрлі облыстық спартакиадасының 5 мәрте жүлдегері атанса, облыс чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал, гандболдан аудан құрамасының мүшесі Көпжан Бану – Қазақстан Республикасының 8 дүркін чемпионы, клубтар арасында Қайсар құрамында Азия жеңімпазы, 4 жылда бір болатын Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бүгінде біздің спортшылар спорттың қай түрінен болмасын қасиетті Қазалының спорттық айбынын лайықты түрде қорғап келеді, - деді аудан әкімі.
Жарыстың ашылу салтанатында Қызылорда облысының гандбол федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вячеслав Ким сөз сөйлеп, ұйымдастырушылармен жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп жатқан аудан әкіміне ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, гандболдан XII облыс чемпионатының 3 - інші айналымының жарысына Қызылорда қаласы мен облыстағы барлық аудандардан 8 команда бақ сынауда. Жарыс 2 күнге созылмақ.
07 қараша 2025 ж. 115 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930