Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр сүлейі – Қарасақал Ерімбет» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

«Сыр сүлейі – Қарасақал Ерімбет» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Бүгін Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде қазақ жыраулық өнерінің көрнекті өкілі, Сыр сүлейлерінің саңлағы, шайыр – Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлының туғанына 175 жыл толу мерейтойына арналған «Сыр сүлейі – Қарасақал Ерімбет» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, профессор-ғалымдар, аудандардан делегациялар, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Конференцияда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қазақ жыраулық өнерінің көрнекті өкілі, Сыр сүлейлерінің саңлағы, шайыр – Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы жайында сөз қозғап, тарихи тұлғаның 175 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған ғылыми-танымдық конференцияның маңызына тоқталды.
Конференция барысында «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қырғыз мемлекеттік университетінің докторанты – Берік Жүсіпов «Қарасақал Ерімбет: ауызекі айту дәстүрінің шайырлық поэзияға ұласу үдерісі» тақырыбында баяндама жасады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Парасат» орденінің иегері Ұлжан Жанбершиева «Ерімбет Көлдейбекұлының толғау-термелеріндегі ғибраттық ойлар» тақырыбында сөз қозғаса, филология ғылымдарының кандидаты Гүлзира Оралова «Қарасақал Ерімбет айтыстарының поэтикалық ерекшелігі» және PhD дәрежесіндегі филология докторы Күнімжан Құдайберген «Қарасақал Ерімбет мысалдарындағы рухани құндылықтар» тақырыптарында баяндамаларын оқыды.
Баяндамашылардан кейін Ерімбеттанушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Қараша Қараман мен Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Даража Балапан сөз алып, тарихи тұлғаның есімін ел жадында жаңғырту, оның мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында өткізіліп жатқан рухани-мәдени іс-шараларға сәттілік тіледі.
Конференцияны қорытындылаған аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы конференция жұмысына қатысқан ел ағаларына, қадірлі қонақтарға, шоқтығы биік біртуар бабамыздың өмірі мен өсиеті, жыр – дастандары туралы мазмұнды ой қозғап, пікір білдірген спикерлерге, барша конференцияға қатысушыларға аудан халқының атынан ризашылығын жеткізді.
Аудан басшысы конференцияның тоқтамына сәйкес алдағы уақытта Қазалы ауданында жыл сайын Ерімбет оқуларын өткізу, Сыр сүлейінің 180 жылдығына дейін Қазалы қаласында орналасқан Ғани Мұратбаев саябағындағы ескерткіштің маңайын заман ағымына сай абаттандыру жұмыстарын қолға алу, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Қарасақал Ерімбет бөлмесін ашу, Сүлейлер мектебінің негізін қалаған Қарасақал Ерімбеттің өсиет өлең, қисса – дастандары, айтыстары негізінде білім беру ұйымдарында конференциялар, семинарлар, әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жылдық оқу-тәрбие жоспарларына енгізу, Р.Бағланова атындағы Мәдениет орталығынан Ерімбет шайыр атындағы айтыс өнерін насихаттау мақсатында жас айтыскерлер үйірмесін ашу сынды ауқымды жұмыстар атқарылатын жеткізді.
07 қараша 2025 ж. 127 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 148

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 120

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930