Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл – ел бесігі" жобасы ауылдар ажарын ашуда

"Ауыл – ел бесігі" жобасы ауылдар ажарын ашуда

Сенбіде Қазалы ауданына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов арнайы келіп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылған жобалардың жұмысымен танысты.
Қазалы ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында салынған нысандардың бірі Әйтеке би кентіндегі Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның спорт зал ғимараты. Қазіргі таңда спорт құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Мұнда мектеп оқушыларына әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға бар жағдай жасалған.
Мұнан соң ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов аудан орталығындағы бағдарлама арқылы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан С.Мұқанов көшесін аралады. Ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын көше асфальтталып, жаяу жүргіншілер жолы мен заманауи жарықшамдар орнатылды. Биылғы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Қазалы ауданына сапары кезінде министрдің келесі аялдаған нысаны Қ.Пірімов ауылында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысы болды. 160 орындық спорт кешені «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының қолдауымен тұрғызылуда. Спорт кешені пайдалануға берілгенде ауыл балалары еркін, грек-рим күресі, самбо, дзюдо, бокспен айналысатын болады.
Іссапар кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев министрге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, аудан орталығына жақын орналасқан Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов және Басықара ауылдарын көгілдір отынға қосу үшін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландыруға ұсынылғанын тілге тиек етті.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
30 қазан 2021 ж. 505 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 124

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930