Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ипотека шарттары уақытша өзгеріссіз қалады

Қазақстанда ипотека шарттары уақытша өзгеріссіз қалады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ипотекалық несиелер бойынша сыйақының жылдық тиімді шекті мөлшерлемесін (ЖТШС) 25% деңгейінде сақтау мерзімін 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы қаулы жобасын дайындап жатқанын мәлімдеді
Фото: pixabay.com
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін жоспарланған ЖТШС шегін 20%-ға дейін төмендетуді уақытша тоқтату туралы шешім қазіргі макроэкономикалық жағдайды және банк секторының тұрақтылығын сақтау қажеттілігін ескере отырып, ипотека құнын реттеуде теңгерімді тәсілді қамтамасыз ету үшін қабылданған.
Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 18% деңгейінде тұр және оның жоғары деңгейде сақталуы инфляцияны тежеу шараларымен байланысты. Ал мұндай жағдайда шекті мөлшерлемені төмендету ипотекалық бағдарламалардың қысқаруына әкелуі мүмкін екенін реттеушілер атап өтті.
Сонымен қатар Агенттік пен Ұлттық банк ЖТШС есептеу әдістемесінің жаңа үлгісін әзірлеп жатыр. Онда негізгі параметр – кепілмен қамтамасыз ету коэффициенті (Loan-to-Value, LTV) ескеріледі. Бұл тәсіл қарыз алушының бастапқы жарнасы мен тәуекел деңгейіне қарай пайыздық мөлшерлемелерді саралауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ведомство екінші деңгейлі банктердің жаңа ипотекалық өнімдер енгізу және тұрғын үй несиесі нарығындағы бәсекелестікті арттыру мүмкіндіктерін кеңейту бағытында шаралар әзірлеп жатқанын хабарлады.
«ЖТШС-ті төмендету нормасын тоқтата тұру — бұл уақытша шара. Ол ипотекалық несиелеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және тәуекелге бағытталған жаңа есептеу тәсіліне біртіндеп көшуге бағытталған», — делінген Агенттік хабарламасында.
24 қазан 2025 ж. 169 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 127

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 83

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 41

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031