Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты

Қазақстанда бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты

Елімізде кейбір банктер қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға берілетін ипотекалық несиелерге өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты.  
Фото: shutterstock.com
Қайталама тұрғын үй нарығына ипотекалық өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқан банктер: Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Freedom Bank Kazakhstan, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Krisha.kz порталына сілтеме жасап.
Аталған қаржы ұйымдарында қазір тек бастапқы тұрғын үйге ипотека беріледі. Алайда бұл барлық құрылыс компанияларымен емес, тек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20%-дан аспайтын серіктес-құрылыс компаниялар бойынша ғана іске асырылады.
Банктер бұл шектеудің қашан және қандай шарттармен жойылатынын кейін нақтылайтынын хабарлаған.
Бүгіннен бастап яғни, 16 маусымнан бастап тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді. Бұл өзгеріс ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына сәйкес күшіне енді. Оған елімізде ипотека арзандауы тиіс.
Құжатқа сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен кейбір банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын қарыздар бойынша шекті ЖТСМ мөлшерлемелері төмендегідей болып белгіленді:
  • кепілсіз қарыздар үшін – 46%;
  • кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар үшін – 35%;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары үшін – 20%.
Бұған дейін Қазақстанда екінші деңгейлі банктер үшін тұрғын үй жинақ нарығын ашу ұсынылған еді.
16 маусым 2025 ж. 411 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031