Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктер не себепті қазақстандықтарға ипотека беруден жаппай бас тартып жатыр – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді

Банктер не себепті қазақстандықтарға ипотека беруден жаппай бас тартып жатыр – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді

Фото: Ru.freepik.com
Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов банктердің қазақстандықтарға жаппай ипотека беруден бас тартуының себептерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, 20%-дан жоғары ипотека төлеуге халықтың жағдайы жетпейді.
“Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі” деген ұғым бар. бұл Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі бірлесіп бекітетін арнайы құрал. Қаржы ұйымдары белгіленген шектен жоғары мөлшерлемемен несие бере алмайды. Ипотекалық қарыздар бойынша біз тәуекелдерді, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың құқықтарын ескере отырып, мөлшерлеме шамамен 20% деңгейінде болуы керек деген шешім қабылдадық. Себебі 20%-дан жоғары ипотека халық үшін тым ауыр. Адам 10–15 жылға осындай мөлшерлемемен несие алса, артық төлем өте көп болады, – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.
Қазір есептеу әдістемесін қайта қарау жүріп жатыр. Тимур Сүлейменовтың сөзінше, егер қарыз алушы бастапқы жарнаны 20–30% емес, 50% көлемінде енгізуге дайын болса, мұндай несиелерге өзге шарттарды қарастыруға болады. Сондай-ақ ипотеканы ұзақ мерзімге емес, 5 жыл сияқты қысқа мерзімге алатындарға да жеңілдетілген нұсқаларды қарастырып жатқанын атап өтті.
Төраға банктерге ипотека беруді тоқтату туралы ешқандай нұсқау берілмегенін айтты.

“Бізде нарықтық экономика. Сондықтан банктерге мұндай бұйрық беру мүмкін емес. Әр банк жоғары пайызбен берілген ипотекада қарыз алушының төлем жасай алмай қалуы ықтимал екенін түсініп отыр. Сол себепті банктер тәуекелді азайту үшін мұқият шешім қабылдап отыр”, – деді Сүлейменов.
Тимур Сүлейменов азаматтарға “Баспана банкінің” бағдарламаларын қарастыруды ұсынды.
“Қарапайым тілмен айтқанда, 20%-дан жоғары мөлшерлемемен ипотека алу – өте ауыр жүктеме. Сондықтан мұндай шешімге келгенде адам өзіне де, отбасына да жауапкершілікпен қарауы керек. Қазір пайыздық мөлшерлемелер жоғары болғандықтан, менің ойымша, тұрақты жұмыс істеп тұрған “Баспана банкінің” құралдарын пайдалану әлдеқайда тиімді. Бұл банктың портфелі өсіп келеді, цифрландыру дамып жатыр, бағалау жүйесі ашық, ал өнімдері көпшілікке қолжетімді. Сонымен қатар орталық және өңірлік деңгейде басқа да бағдарламалар іске асып жатыр”, – деді Ұлттық банк басшысы.
10 қазан 2025 ж. 221 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031