Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда ел астанасын Бішкектен басқа қалаға көшіру ұсынылды

Қырғызстанда ел астанасын Бішкектен басқа қалаға көшіру ұсынылды

Фото: istockphoto.com

Қырғызстанда саясаткерлер ел астанасын Бішкектен Манас қаласына көшіруді ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АКИpress басылымына сілтеме хабарлайды.
Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.

“Егер біз соған лайық болсақ, неге болмасын, бұйырса, болады. Ол үшін қаланы да, халықты да дайындау қажет, психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Астана болу оңай емес. Қалаға көп қаржы бөлу, оны жаңарту қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қаланы заманауи ету керек”, – деді Ташиев.

Оның айтуынша, Манас республикалық маңызы бар үшінші қалаға айналады. Сондай-ақ Ташиев қаланың атауын өзгерту стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болғанын атап өтті.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Жалал-Абад қаласының атауы ресми түрде Манас қаласы болып өзгертілді. Президент Садыр Жапаров тиісті заңға қол қойды.
12 қазан 2025 ж. 192 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 31

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 25

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 38

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 39

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 40

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031