Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 күнде Алатау қаласына арнайы статус беріліп, тікелей үкіметке бағынатын болады

10 күнде Алатау қаласына арнайы статус беріліп, тікелей үкіметке бағынатын болады

Алматы облысында жаңадан құрылған Алатау қаласына арнайы статус беріліп, тікелей үкіметке ғана бағынатын болады. Бұл туралы Қазақстан халқына жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Біздің іскерлік белсенділік және инновациялық орталығымыз – алатау қаласы болуы керек. Бұл жалпыұлттық жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер берілді, алғашқы жоспарлау жұмыстары аяқталды және инфрақұрылым желілері қосылды», – деді президент.
Сонымен бірге Қытайға соғңғы сапарында қаланы дамыьуға бағытталған келісімдерге қол қойылғанын атап өтті. Алматы іргесіндегі қалада құрылысты Қытайдың ірі компаниясы жүргізбек.
«Қытайда миллиардтаған қаражатқа әлемнің алпауыт компаниялармен келісімшарт жасалды. Сондай компанияның бірі – жаһандық технополис саналатын Шеньжень қаласының құрылысына қатысқан. Енді бұл компания Alatau City жобасын жүзеге асыруға қатысады», – деді президент.
Осы орайда президент 10 күн ішінде жаңа қалаға арнайы статус беруді тапсырды.
«Үкіметке тікелей бағынатын қалаға ерекше мәртебе беру туралы қаулы жобасын 10 күн ішінде дайындау қажет», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ жарты жылдан кешіктірмей арнайы заң жобасы әзірленіп, қаланы басқару режимі мен қаржылық моделі әзірленуі тиіс. Тоқаев бұл шаралардың қаланың дамуы тек құжат күйінде қалып қалмауы үшін қажет екенін ескерте кетті.
08 қыркүйек 2025 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930