Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңгеге жуық қаражат бөлінеді

Жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңгеге жуық қаражат бөлінеді

Мемлекеттік сатып алу порталының ақпаратына сай, биыл да жаңа жыл қарсаңында елдегі қалаларды безендіруге миллиондар жұмсалады. Мәселен, Шымкент пен Павлодарды түрлі жарық шамдарымен көмкеріп, безендіру үшін әр қалаға 80 миллионға жуық теңге керек екен. Ал мұны естіген тұрғындар миллиондарды шашу ысырапшылдық деп отыр, деп хабарлайды stan.kz

Биыл Павлодар қаласының әкімдігі жаңа жылға тіпті сәуірден бастап дайындалған. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялап, қаланы безендіруге екі лотты қосқанда 80 миллионға жуық теңге жұмсап отыр. Миллион тұрғыны бар Шымкент те қалыс қалмай, қазынадан 76 миллион теңгеден астам қаржы сұратқан. 
Бұл қаржыға қаланың орталық көшелерін Тұңғыш Президент, Тәуелсіздік күні және жаңа жыл қарсаңында безендіру қарастырылған. Жарық диодты шамдардан құралған әшекейлер ғимараттар мен басқа да нысандарға сән бермек. Осы мақсатта Қостанай, Талдықорған, Семей де миллиондарға қаланы безендіруді жоспарлап отыр. Ал тұрғындар бұл ақшаны бекерге шашу дейді.
“Осынша ақшаны шашудың не қажеті бар? Былтырғыларды қоя салуға болмай ма?” – дейді Шымкент тұрғыны. 
“Қалада көп балалы, жалғызбасты аналар жетерлік. Олардың қаншасы әлі далада қаңғырып жүр. Менің ойымша, соларға көмек беру керек”, – дейді қаланың тағы бір тұрғыны. 
Техникалық ерекшелік бойынша, қыруар қаражат қалада шыршалар және түрлі түсті шамдар орнату үшін қажет. Ал Семей шенеуніктері жаңа жылға 10 миллионнан астам теңгеге жұлдыздарға тапсырыс берген. Жердегі жұлдыздар емес, көктегі жұлдыздар болады.
“Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Сондықтан халықтың көңіл күйін көтеру үшін, қаламызды безендіру үшін жұлдызды аспанды деген жобамызды іске асырып жатырмыз”, – дейді Семей қаласы әкімдігінің абаттандыру секторының қызметкері Қанатжан Жылқыбаева.
Айта кетсек, шенеуніктер былтырғыға қарағанда бюджет қаржысын үнемдеуді аз болса да үйренгендей. Мысалға былтыр бір Қарағандының өзінде қаланы жаңа жылдық әсемдеуге 193 миллион теңге бөлінсе, биыл отыз миллионмен шектелмек. Сол сияқты өзге де әкімдіктер тек жүз миллионға жуық қаржыны қанағат тұтқан. Яғни бұл ақшаны тек жаңа жылдық безендіруге емес, жыл бойы өтетін түрлі ұлттық мерекелерде қаланы көріктендіруге бөліп жұмсаған.


18 қараша 2021 ж. 413 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 85

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 58

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 92

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 98

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031