Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жол құрылысы жұмыстарын көріп, мердігерлерге сапаға мән беруді тапсырды

Аудан әкімі жол құрылысы жұмыстарын көріп, мердігерлерге сапаға мән беруді тапсырды

Өткен жылы Қазалы ауданы бойынша 27,5 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жол құрылысы жөндеуден өткізілді.

Ал, биыл ауданда «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында барлығы 23 жоба, оның ішінде Әйтеке би кентінен 19 көшені, елді-мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолымен "Әлсейіт" көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатары аяқталды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентімен Қазалы қаласындағы көшелерге жүргізіліп жатқан орташа жөндеу және көшелерлі қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Бүгінгі таңда Әйтеке би кентіндегі Амангелді, Қобыланды батыр, С.Жәрімбетов, Төремұрат жырау және Нұрхатов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса, Қазалы қаласында 10 көше қайта жаңғыртудан өтуде.

Кент пен қала көшелеріндегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрген аудан басшысы, мердігер мекеменің жауапты өкілдері мен тиісті сала басшыларына жол құрылысының ең әуелі сапасына аса мән беріп, мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырма берді.
04 қазан 2025 ж. 202 0

Кәсіби шеберлік ордасы

11 қараша 2025 ж. 35

Темір жол – өмір жолы

11 қараша 2025 ж. 41

Ауылда мешіт ашылды

11 қараша 2025 ж. 12

Шәкірт шыңдаудың шебері

11 қараша 2025 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930