Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда жол құрылысы қарқынды жүргізілуде

Ауданда жол құрылысы қарқынды жүргізілуде



Биыл «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр және Әйтеке би көшесін қайта жаңғырту жобасына ұлттық қордан қаржы бөлініп, жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасымен Қазалы қаласының 10 көшесін (Ерлепесов, Мергенбаев, Уалиханов, Рахашұлы, Әйтеке би, Жалаңтөс батыр, Хегай Гер Сек, Бәкішев, Ж.Жабаев, Жақаев) қайта жаңғырту жұмыстары мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 718,966 млн теңге, оның ішінде ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастауға 69,0 млн теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, Әйтеке би кенті бойынша «Нұрас и К» ЖШС тарапынан Әйтеке би кентіндегі Бегім ана, Сырым батыр көшелеріне күрделі жөндеу және С.Сейфуллин көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.
Одан бөлек, «Қазалы жолшы» ЖШС тарапынан Әйтеке би кентінің 6 көшесіне (Жаңқожа 3 км, М.Өтемісұлы тұйығы, Ұялы, Ақан Сері, 2 квартал, Қасым Аманжолов) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
07 қыркүйек 2024 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930