Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Автожолдар жақсы жағдайға жеткізіледі

Автожолдар жақсы жағдайға жеткізіледі

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте ауданымыздағы автомобиль жолының даму қарқыны мәселесі қаралды. Жиында күн тәртібіндегі мәселе кеңінен талқыланып, қала, кент және ауыл әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді.
– Өздеріңізге белгілі 2024 жылы ауданымызға бөлінген 1,6 миллиард теңгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде, 10,4 шақырым асфальт қабаты мен 24,72 шақырым қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл ауданымызға жол жөндеу жұмыстарына 2,6 млрд. теңге көлемінде қаржы қаралып отыр. Бұл аз қаражат емес. Ендігі кезекте, қаралған қаржы көлеміне сәйкес автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын мерзімінде жүргізуіміз қажет. Жүргізілген жұмыстарға тұрғындар тарапынан бірде-бір мәселе туындамауы тиіс. Автомобиль жолдарын салу, жөндеу жұмыстарының ең әуелі сапасын қатаң бақылауға алуларыңыз керек, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, ауданда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кенттің – 11 көшесінің және Қазалы қаласының – 10 көшесінің жұмысын жалғастыруға қаржы бөлініп отыр.
Сонымен қатар биыл Жанқожа батыр ауылының кіре беріс жолына және «Әлсейт» көпірінен бастап, Бекарыстан би ауылына дейінгі аралық автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Басықара ауылының 1 көшесін Жалаңтөс батыр ауылының 2 көшесін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, осы жұмыстардың нәтижесінде ауданда 2025 жылы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі – 92 пайызға жеткізілмек.
©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 ақпан 2025 ж. 401 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031