Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі бөлім басшыларын қабылдады

Аудан әкімі бөлім басшыларын қабылдады

Қазалы ауданы әкімі қызметіне сайланғаннан бастап Алмасбек Есмаханов ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, әрбір сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау үшін дербес бөлім басшыларын қабылдады.

Бөлім басшылары аудан әкіміне тиісті кезеңдегі атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде толыққанды есеп беріп, алдағы міндеттер туралы да атап өтті. Қабылдау барысында аудандағы өзекті мәселелер де аудан әкімінің назарына жеткізілді.

Әрбір саланың жұмысымен жіті танысқан аудан басшысы биылғы жылға жоспарланған жобаларды жыл соңына дейін аяқтау, бөлінген қаржыны жүйелі жоспарлау сынды өзекті мәселелер бойынша салаға жауапты орынбасарлары мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ қабылдау барысында республикалық және облыстық бюджетке ұсынылған жобалар, коммуналдық бағытта атқарылатын жұмыстардың жоспары, кәсіпкерлік және инвестор тарту бағыттары, салық түсімдерін арттыру, ауыл шаруашылығы, жер, сәулеттік келбет, аудан орталығын абаттандыру және әлеуметтік салаларды жақсарту жобалары кеңінен талқыланып, ұсыныстар айтылды.

01 қазан 2025 ж. 98 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031