Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы әрбір саланың жұмысымен танысуда

Аудан басшысы әрбір саланың жұмысымен танысуда

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің бүгінгі қабылдауына аудандық Статистика басқармасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және ауылшаруашылығы саласына қатысты мекеме-кәсіпорын басшылары келді.
Қабылдауда алдымен басқарма басшыларымен аудандағы бюджеттік түсімдердің барлық деңгейлері бойынша жоспарлардың орындалуы, аудан экономикасының жалпы қарқынын, әлеуметтік-экономикалық барысын сараптау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Мұнан соң Ә.Тыныбаев атындағы су торабы, «ҚазСуШар» РМК Қызылорда филиалының Қазалы сушар өндірістік учаскесі, Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қазалы аудандық филилы, ҚР АШМ АӨК МИК Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы, ҚР АШМ ВБжҚК Қазалы аудандық аумақтық инспекция басшылары мекеме-кәсіпорын тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баяндады.
Басқармалар мен ауылшаруашылығы саласының мекеме басшыларын тыңдаған аудан әкімі басқармаларға тиесілі жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер – ауданның каналдармен жайылымдық жерлерді суландыру жұмыстарын жүргізу, көктем мезгіліндегі түрлі мал ауруларының алдын алу шараларын қабылдау, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін жәндіктерге қарсы күрес іс-шараларын уақытылы жүргізу сынды жұмыстарды мерзімінде орындауды тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
23 ақпан 2024 ж. 332 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 30

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 33

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031