Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдік және аппарат мәжілісі өтті

Әкімдік және аппарат мәжілісі өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өтті.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан басшысы әкімдік мәжілісінде бір мәселе қаралатынын айтты. Ол - 2023 жылдың 10 айы бойынша әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылғы 11 айдың қорытындысы мен жылдық қаржы игеру жоспары туралы.
- Әні-міне дегенше, 2023 жылдың да аяқталуына 1 ай ғана уақыт қалып отыр.
Қалған аз уақыт ішінде жоспардағы қаралған қаржыларды толық көлемде игеріп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен барлық салаларда оң нәтижелерге қол жеткізу арқылы жылды нәтижелі қорытындылауымыз қажет. Біздің ең басты мақсатымыз осы.
Осы бағытта барлығымыз жауапкершілік танытып, өзімізге тиесілі жұмыстарды жүйелі түрде атқаруымыз керек, - деді.
Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев баяндама жасады.
Мұнан соң аудан басшысы дербес-бөлім басшыларына өздерінің салалары бойынша 10 айлық көрсеткіштердің деңгейі мен қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрады. Сондай-ақ, бірқатар бөлім басшылары мен кент, қала, ауылдық округ әкімдері атқарылған құрылыс жұмыстарының статистикалық есептілігінің уақытылы тапсырылуы бақылауда болу қажеттігін жеткізді.
Бұдан соң аппарат мәжілісінде жұмыспен қамту көрсеткіштерінің орындалуы жөнінде аудандық «Мансап» орталығының директоры Болатбек Баймаханов айтып өтті.
Мәжілі соңында жүйелі жұмысқа жауапкершілікпен қарап, назарда ұстау маңызды екенін айтқан Мұхтар Әуесұлы аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 желтоқсан 2023 ж. 204 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930