Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы құрылыс сән берер

Сапалы құрылыс сән берер

Жақында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен аудандағы құрылыс саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде мәжіліс өтті.

Жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев аудан көлемінде жүргізіліп жатқан және алдағы уақытта жоспарланған құрылыс жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Баяндамашыдан кейін аудан әкімі аудандағы құрылысы жүріп жатқан әрбір нысанның сапалы әрі өз мерзімінде аяқталуы қажет екендігін атап өтті. Бұған байланыс­ты тиісті бөлім басшысымен әрбір кент, қала және ауыл әкімдері өз аймақтарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын ұдайы бақылауда ұстап, ешқандай кемшілік орын алмау қажеттігін ескертті.
Сондай-ақ тиісті сала басшыларына ауданның сәулеттік келбетін жақсарту мәселесі, құрылыстық регламент талап­тарының сақталуы, қызыл сызықты бұзу, рұқсатсыз құрылыстар салу сынды заң бұзушылық фактілерін анықтау мақсатындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Ал Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округтерде құрылыс жұмыстарын жүргізуде сәулеттік келбетті, абаттандыруды бұзған жеке және заңды тұлғаларға тиісті шара көру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізуге табысталып, игерілмеген жер учаскелерін қайтару бойынша да шаралар қабылдау керектігін айтты.
Аудан басшысы жиын соңында жауапты орынбасарына әрбір жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы аяқталуы мен мәжілісте берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
22 маусым 2024 ж. 245 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930