Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Руханият төріндегі танымдық шара

Руханият төріндегі танымдық шара

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен елімізде дәстүрлі түрде қыркүйек айында өтетін «KitapTime» жалпы республикалық кітап фестивалі өз жалғасын табуда. Барлық кітапханада бір мезетте ұйымдастырылатын бұл рухани іс-шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман белсенділігін арттыру және әдеби мұрамызды кеңінен насихаттау.
Мәдени-ағартушылық маңызы зор шара «Руханият» орталығында жоғары деңгейде өткізілді. Фестиваль барысында «Оқуға тиіс 100 кітап», «Жаңа кітаптар», «Оқырмандармен ашық алаң», «Менің оқыған кітабым», «Жырлары жүрек тербеген» секілді тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Аталған жиынға зиялы қауым өкілдері, түрлі сала мамандары, аудан мектептерінің оқушылары мен жеке балабақша тәрбиеленушілері қатысты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Раиса Батырханқызы кітап мерекесін салтанатты түрде ашып, қатысушыларға жүрекжарды тілегін білдірді.
Кеш барысында ардагер ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Қадірбек Бекетов, тіл жанашыры Жандос Таңжанов, музей қызметкері Жанар Тілеуқабыл сынды руханият жанашырлары кітаптың адам өміріндегі маңызын, оның адамзат баласына берер рухани азығын сөз етті.
Іс-шара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарованың қорытынды сөзімен түйінделді. Ол қатысушыларға алғысын айтып, кітаптың мәртебесін көтеруге үлес қосқан жандарға ризашылығын жеткізді.
Бекзат АСАН
27 қыркүйек 2025 ж. 153 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 127

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 83

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 41

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031