Қытайда жер сілкінді
istockphoto.comҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 20 қазан күні Қазақстан уақытымен сағат 05:56-да Қытай аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 41,01 градусы мен шығыс бойлықтың 84,09 градусы аралығында орналасқан. Энергетикалық класы — K=11,6.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,9-ды құрады. Жерасты дүмпу ошағы 17 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі салдарынан қирау мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.










