Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай Қазалы қаласында «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Орталық» бастауыш партия ұйымы мен қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен «Kітап ШОУ – 2025» атты ауқымды кітап фестивалі өтті.

Шара барысында Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Мұратбек Нағашыбаев құттықтау сөз сөйлеп, кітап оқудың маңыздылығы мен Ұлттық кітап күнінің мәніне тоқталды. Іс-шараға ардагер ұстаздар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Фестиваль аясында «Кітап – тарих, кітап – қазына» және «Кітап – алтын қазына» атты тақырыптық кітап көрмелері көпшілік назарына ұсынылды. Жас оқырмандар қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа оқып, өз өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар, оқырмандар арасында танымдық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Тарсия» құпия сөзді табу, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Даналық ағашы» сияқты қызықты сайыстар өтті. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен қаламгерлеріне байланысты викториналық ойындар жиналғандардың таным көкжиегін кеңейте түсті.

Шара соңында Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова қатысушыларға алғысын білдіріп, жас оқырмандарға естелік сыйлықтар табыстады.

#AMANAT
24 сәуір 2025 ж. 338 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 43

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031