Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап – Ұлттық қазына

Кітап – Ұлттық қазына

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Үкіметі 23 сәуірді «Ұлттық кітап күні» деп белгіледі. «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», деген еді ол.

Осы мереке жақында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Кітап – Ұлттық қазына» атты мерекелік іс-шарамен тұңғыш рет атап өтілді. Оған мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірайысов, экс-Мәжіліс депутаты, жазушы Жарасбай Сүлейменов, Ұлттық Ұлан академиясының офицерлері мен курсанттары, облыстың зиялы қауым өкілдері, аудандардың кітапхана қызметкерлері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Алдымен көрме болып, кітапханадағы кітап қоры, инновациялық жобалар және т.б. таныстырылды. Мереке «Кітап-Ұлттық қазына» атты конференцияға ұласты.

Спикерлер білім мен ғылымның кілті кітапта екенін, бұрынғы даналардан қалған: «кітап білім бұлағы – білім өмір шырағы» деген даналық сөз барын, ұлы Абай да: «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» деген нақылдар айтқанын еске ала отырып, бүгінгі күнгі кітап оқымаудың проблемаларын және оны еңсерудің әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
18 сәуір 2025 ж. 93 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930