Тұман, көктайғақ және қатты жел: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Астана мен 16 облыста жаңбыр, қар, көктайғақ пен қатты жел күтіледі. Кей өңірлерде үсік жүріп, өрт қаупі сақталады

Фото: istockphoto.com
20 қазанда Астана мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын және үсік жүретінін болжайды. Кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Ақмола облысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында да жауын-шашын күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, солтүстік пен шығыста кей уақытта 23–28 м/с болады. Көкшетауда солтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болып, төменгі деңгейде боран соғады. Күндіз батыс, солтүстік және шығыс аудандарда да жауын-шашын, көктайғақ және төменгі деңгейдегі боран болжанады. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с болады. Петропавлда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болып, төменгі деңгейде боран соғады. Солтүстік-батыс желінің екпіні 23–28 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысында түнде шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы түнде 15–20 м/с-ке жетеді. Күндіз солтүстік пен шығыста желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қостанайда түнде солтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз батыс, оңтүстік және орталық аудандарда екпіні 23–28 м/с болады. Павлодарда жаңбыр мен қар жауып, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с-ке жетеді. Күндіз жел екпіні 23–28 м/с болады.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік пен оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с болады. Батыста өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қарағандыда таңертең және күннің бірінші жартысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.
Ұлытау облысында таңертең және күндіз батыс, солтүстік және шығыс аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады. Батыс пен орталықта өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда күндіз жел екпіні 15–18 м/с-ке жетеді. Қалада да өрт қаупі төтенше деңгейде.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз шығыс пен таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік, шығыс және орталықта түнде және таңертең тұман түседі. Түнде солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с, батыс, солтүстік және оңтүстікте екпіні 23–28 м/с-ке жетеді. Өскеменде оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз кей уақытта 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Абай облысында түнде батыс пен солтүстікте, күндіз солтүстік, шығыс және орталықта жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Түнде батыс, солтүстік және орталықта оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с, солтүстік, оңтүстік-батыс және орталық аудандарда екпіні 23–28 м/с-ке жетеді. Семейде оңтүстік желі солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз кей уақытта 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Таулы жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде облыстың батысы мен шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Түркістан облысында таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік пен таулы жерлерде солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Түнде солтүстікте 1 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік пен батыста өрт қаупі жоғары. Түркістан қаласында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с болады. Түнде 2–7 градус үсік жүреді. Талдықорғанда түнгі ауа температурасы 3–5 градус аязға дейін төмендейді.
Қызылорда облысында күндіз батыс, солтүстік және орталық аудандарда шаңды дауыл болады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-ке жетеді. Түнде шығыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Өрт қаупі төтенше деңгейде, ал солтүстікте жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында да өрт қаупі төтенше деңгейде.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік, батыс және оңтүстік аудандарда солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады. Батыс, оңтүстік және шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік пен шығыста солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-ке жетеді. Шығыста өрт қаупі жоғары, ал батыс, оңтүстік және орталықта төтенше деңгейде болады.
Атырау облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Солтүстік, оңтүстік және шығыста өрт қаупі төтенше деңгейде. Атырау қаласында да өрт қаупі төтенше деңгейде болады.
Маңғыстау облысында орталық аудандарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.










