Қызылордада бокстан халықаралық турнир басталды

–ҚР спорт қайраткері Аманбек Рахметұлы Досмайылов – талай талантты тәрбиелеген спорт қайраткері. Қазақ боксын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан арда азаматтың ізбасарлары бүгінде жаһандық жарыстарда кәсіби шеберліктерін танытып келеді. Бүгінгі бәсекеде де спортшыларымыз үздік нәтиже көрсетеді деп сенеміз, - деді Келдібай Бектұрғанов.
– Қызылордада ұйымдастырылған бокс додасы жастарымыз үшін үлкен тәжірибе алаңы деп есептеймін. Халықаралық деңгейдегі жарыстар әр спортышының болашақта әлемдік ареналарда ел намысын абыроймен қорғауына жол ашады. Сондықтан барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Юрий Федорович.
Бес күнге жалғасатын тартысты бәсекеге Өзбекстан мемлекеті және еліміздің әр аймағынан 7 команда, 100-ге жуық спортшы 11 салмақ дәрежесінде бақ сынамақ.