Бүгін екі қалада ауа сапасы төмендейді
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

– 2025 жылғы 7 қыркүйекте Алматы қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Өскеменде ауа сапасын бақылайтын мобильді зертхана іске қосылады.