Қырғызстанда малды елден шығаруға тыйым салына ма
Қырғызcтан Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі 6 ай мерзімге ауыл шаруашылығы жануарларын елден шығаруға тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazinform.

Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Іс-шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
Ерекшеліктер:
* реэкспорт, Қырғыз Республикасы арқылы транзит және ЕАЭО-ның бір субъектісінен екінші субъектісіне оның аумағы арқылы өту;
* заңды және жеке тұлғаларға Қырғыз Республикасының аумағынан ірі қара малды (ЕАЭО ТН ВЭД коды 0102), жылқыларды (ЕАЭО ТН ВЭД коды 0101), қой мен ешкіні (ЕАЭО ТН ВЭД коды 0104) экспорттауға бөлінген квоталар;
* жарыстарға қатысатын спорттық жылқылар;
* Қырғыз Республикасы Президентінің және Министрлер Кабинетінің немесе уәкілетті атқарушы органның шешімдері негізінде шет мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға сыйға тартылған жылқылар.
Ведомствоның мәліметінше, Қырғызстан нарығы ЕАЭО-ның басқа елдерімен салыстырғанда ет бағасының жоғары өсімін көрсетіп отыр. Ет өндірісінің тұрақты өсуіне қарамастан ішкі нарықтағы бағаны төмендету үшін арнайы мемлекеттік құралдар қажет (экспортқа шектеулер, субсидиялар беру, жем өндірісін ұлғайту және т.б.).
Ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға тыйым салу 2025 жылдың ортасындағы жағдай бойынша ЕАЭО елдерінде ет бағасының өсуіне әсер еткен бірқатар факторға байланысты екені атап өтіледі, оның ішінде:
— жем-шөп пен ветеринариялық препараттардың қымбаттауы;
— салынған санкцияларға байланысты ет импорты көлемінің төмендеуі;
— логистикалық шығындардың өсуі;
— мал экспорты көлемінің өсуі;
— жем бағасының өсуі (шөп — 30%-ға дейін).
Еске сала кетсек, 2024 жылдың қыркүйегінде Қырғызстанда ірі қара, ұсақ мал және жылқы малын үшінші елге экспорттауға тіркеу және рұқсат беру уақытша тоқтатылды.