Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айбары биік ата заң

Айбары биік ата заң

Фото: ашық дереккөзден алынды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, дамуына негіз болған құжат – бұл ел Конституциясы. Халқымыз оны ерекше құрметпен Ата заң деп атайды. Өйткені бұл заң – барш азаңдардың қайнар көзі, елдің тыныштығы мен тұрақтылығының, әділеттіліктің және демократиялық дамудың негізі.
1995 жылғы 30 тамыз – Қазақстанның тарихында алтын әріппен жазылған күн. Осы күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. Бұл – ел тағдырын айқындаған маңызды тарихи оқиға болды. Сол уақыттан бері 30 тамыз – Конституция күні ретінде аталып өтеді.
Ата заңымызда Қазақстан Республикасының егемендігі, құқықтық мемлекет ретіндегі бағыт-бағдары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік құрылымы, тілі, рәміздері, тіпті адам мен азаматтың өмір сүру қағидаттары айқын көрсетілген. Бұл – жай ғана заңдар жинағы емес, елдің рухани, саяси, мәдени тұтастығының кепілі.
Ата заңымыздың айбары биік дейтініміз де сондықтан. Өйткеніол — бүкілхалықтың еркінен туған, елдің тәуелсіздігін бекемдеген, әрбір азаматтың құқығын қорғайтын басты құжат. Конституцияның арқасында елімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Әр адамның ар-ожданы, сенімі, сөзі, меншігі қорғалған.
Бүгінде Қазақстан – әлемге танылған, демократиялық қағидаттарды ұстанатын, заң үстемдігін қадірлейтін ел. Бұл жетістіктердің негізінде Ата заңымыздың салмағы жатыр. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін жақсы білсе, заңға бағынса, онда қоғамда әділдік пен тәртіп орнайды.
"Айбары биік Ата заң" — бұл жай ғана сөз тіркесі емес, бұл еліміздің басты заңына деген құрметтің, сенімнің, мақтаныштың белгісі. Әрбір азамат Ата заңды сыйлап, оны басшылыққа алғанда ған амемлекет гүлденіп, халықтың әл-ауқаты арта түспек. Сондықтан да біз Ата заңымызды қастерлеп, ұрпаққа үлг іетуіміз керек.
Серік БЕРТАЙ,
Қазалы аудандық сотының судьясы

25 шілде 2025 ж. 209 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031