Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата заң – тәуелсіздіктің алтын арқауы

Ата заң – тәуелсіздіктің алтын арқауы

Ата Заң – еліміздің айбары. Ата Заң – елдігімнің айғағы. Ата Заң – Мәңгілік елдің айдары. Мінекей, азаттығымызды айқындайтын, егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің іргетасы болар, әрбір азаматтың конституциялық құқығын танытатын қастерлі құжатымыз – Ата заңымыздың қабылданып, заңды күшіне енгеніне 25 жылдың жүзі болыпты.
1995 жыл Қазақстан тарихындағы ең елеулі, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған жыл болды. Себебі осы жылы Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен сарапшылар тобы құрылып, жан-жақты сауатты, әр азаматтың құқығын ескеруге мүмкіндік беретін басты заңымыз әзірлене бастады. Әрқайсысы мемлекеттің ұстанымы, ұлттың құндылығы, болашаққа бағдары осы құжатта көрініс табу қажет екендігін түсіне отырып, заңның өзегін ұлттың өзіне тән ұлттық болмысынан, жүрген жолынан, танымы мен саяси сана-сезімінен шығаруға тырысты. Сонау хандық билік тұсындағы дала заңдары, атап айтқанда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» секілді заң жүйелерінде көрсетілген талаптар ескеріліп, адамзат баласының жүздеген жылдар бойы қалыптасқан жалпы құндылықтарын бойына сіңірді. Бір сөзбен айтқанда, балалардың даналығымен қазіргі заманның рухын бірлестіріп, үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың мүддесі мен меншігін, құқығын заңды түрде бекіткен басты құжат болды. Бұл туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деп жазады: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын». Осылайша, «басты қазынасы – адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп өрілген Ата Заңымыз қабылданып, Қазақстан Республикасының егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді.
1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Осылайша, дүниеге келген Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл жол салып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр.
Сонымен қатар, қолданыстағы Ата Заңымыз республика өмірінде экономикалық, интустрия-инновациялық, қоғамдық-саяси өзгерістерге де жол ашты. Конституция мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, оны біртұтас, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті.
Әлбетте, Конституцияның қоғам өміріндегі, еліміздің тарихындағы орны бөлек. Конституция қағидаттарына сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде. Осының бәрі қолданыстағы Ата Заңды арқау ете отырып, оның ережелерінен еш ауытқымай, елге, халыққа қызмет етіп отырған Тұңғыш Президент – Елбасының сарабдал конституциялық саясатының арқасы. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Конституция Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр. Ендеше, әрбір қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол игі! Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тұғырлы, болашағымыздың кемел, бауырымыздың бүтін, біргіміздің бекем болары сөзсіз. Әр әрпі, әр сөзі, әр сөйлемі рухымызды биіктетіп, мәртебемізді асқақтатып отырған Ата Заңымыздың 25 жылдық мерейтойы құтты болсын, ағайын! Ата Заңымыз ғұмырлы болсын.
Хусаин ҚОРАЗБАЕВ,
Қызылорда облысының Полиция департаменті Заң бөлімінің
басшысы запастағы полиция полковнигі
24 тамыз 2020 ж. 1 979 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930