Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата заңым – айбарым

Ата заңым – айбарым

Конституция күні – халқымыз үшін ең қастерлі, ең ұлық мереке. Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 27 жыл толып отыр.
Конституция күніне орай Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Конституция – азат елдің ар-намысы» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз сөйлеп, қазалылықтарды мерекемен құттықтады.
– Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігінің кепілі. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған Ата Заңымыздың айбыны арта берсін, – деді аудан басшысы.
Мұхтар Әуесұлы мұнан соң ауданымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлесін қосып жүрген бірқатар қазалылықтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, әсем әннен шашу шашылды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 тамыз 2022 ж. 904 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 177

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 127

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930