Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл

Фото: ашық дереккөзден
2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – еліміздің құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуындағы аса маңызды тарихи белес. Конституция – Қазақстан Республикасының Негізгі заңы ретінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының құқықтық негізін қалаған басты құжат.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтты, ұлттық бірлікті сақтап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепіліне айналды. Конституцияның бірінші бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялап, адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын – ең жоғары құндылық ретінде айқындады.
30 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы елдегі саяси жүйенің, мемлекеттік басқару институттарының, азаматтық қоғамның және құқықтық жүйенің қалыптасуына зор үлес қосты.
Сонымен қатар, мемлекет дамуының әр кезеңінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заман талабына сай бейімделді. 2022 жылы өткен референдум нәтижесінде Конституцияға енгізілген түзетулер еліміздің саяси жаңғыруына және «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген жаңа мемлекеттік модельге жол ашты.
Конституция күні – әрбір қазақстандық үшін ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нышаны. Бұл – мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызды мереке ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын негізгі заңға деген құрметтің көрінісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты құндылықтарын айқындайтын, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Конституцияның 30 жылдығы – бұл заң үстемдігіне, азаматтық теңдікке, әділеттілік пен қоғамдық келісімге негізделген мемлекет құру жолындағы маңызды белес.Осы мерейтой аясында мемлекеттік органдарда, білім беру және құқық қорғау мекемелерінде түрлі іс-шаралар, конференциялар, құқықтық ағарту жұмыстары ұйымдастырылып, Негізгі заңның маңызын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Асхат МУСАЕВ, 
Қазалы аудандық соты әкімшісінің аға сот приставы

25 маусым 2025 ж. 584 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031