Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Фото: Pixabay.comФото: Pixabay.com

Синоптиктер 2025 жылдың 6 шілдесінде, жексенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, ертең республикамыздың басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады.
"Ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.  Солтүстік пен шығыста, әсіресе табиғат мінез танытады. Кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін", - дейді "Қазгидромет" РМК.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Солтүстік пен шығыста дауыл тұрып, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алматы облысында сынап бағаны +35 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады деп күтіледі.
Атырау облысында сынап бағаны +35, + 36 градусқа көтеріледі. Облыстың шығысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күн +35, + 37 градусқа дейін қызады.
Түркістан облысының оңтүстігінде де аптап ыстық болады: +40°С.
Ұлытау облысының оңтүстігінде: +35°С.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде: +35...+36°С. 
Маңғыстау облысы,  Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола өңірінің батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қаупі болады деп болжанады. 
Төтенше өрт қаупі Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау өңірінің солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде күтіледі.

06 шілде 2025 ж. 319 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031