Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз бойынша бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміз бойынша бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Фото: Pixabay.comФото: Pixabay.com

Синоптиктер алдағы сейсенбі, 2025 жылы 6 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек еліміздің батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр болып, арасында бұршақ түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында тұман болады деп болжанады", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде Қостанай өңірінің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

06 мамыр 2025 ж. 58 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031