Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Найзағай мен бұршақ: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Найзағай мен бұршақ: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Getty Images
«Қазгидромет» РМК 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр болып, арасында бұршақ түседі.
Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында тұман болады деп болжанады. Сондай-ақ, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде Қостанай өңірінің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады. Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

06 мамыр 2025 ж. 103 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031