Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

Былтыр аймақта 2024 жыл «Руханият жылы» болып белгіленді. Осы уақыт аралығында бірқатар жоспарлы жұмыстар мен маңызды іс-шаралар жүзеге асты. Игілікті жобалар жасалып, көптеген күрмеулі мәселе оңтайлы шешімін тапты. Бірқатар нысан бой көтеріп, аймақ келбеті ажарлана түсті. Қысқасы баянды бастаманың берері көп болды.

Соңғы жылдары аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың легі көңіл қуантады. Көздің жауын алатын түрлі ғимараттар, тап-таза көше келбеті тұрғындардың да үмітін ақтағандай. Былтыр игі жоба шеңберінде мәдени орындар салынып, ел игілігі үшін жұмысын бастады. Мәселен 3,7 миллиард теңгені құрайтын 1000 орынға негізделген «Өнер орталығы» ғимараты бой тіктеді. Сондай-ақ жыраулар үйі, барлық аудандарда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы мен аналар үйі орналасқан «Руханият орталықтары» және Қызылорда қаласынан «Анаға тағзым» орталығын ашу сол жылдың еншісіне тиді. Сонымен бірге алғаш рет 50-ден астам кәсіби музыканттан жасақталған симфония оркестрі құрылып, мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға арналған инклюзивті театр үйірмесі жұмысын бастады. «Жастар театры» кәсіби ұжым болып қайта құрылды.
Солардың жалғасындай болып биыл ауданда Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Руханият орталығы» ашылды. Көркем келбеті алыстан менмұндалайтын нысанның іші де ғажайыпқа толы. Бұл жерде ұлтымыздың құндылықтары дәріптеліп, салт-дәстүріміз кеңінен насихатталады. Жаңа ғимараттағы бастамалар рухани қазынамызды толықтырары сөзсіз. Орталық ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар.
Айта кететін жайт, «Руханият орталықтары» түрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа біріктіру арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Алайда бұдан басқа да маңызды мақсат бар. Ол – ұлттық құндылығымызды, салт-дәстүрімізді насихаттау. Жас ұрпақтың бойына өңір тарихы мен ұлт руханиятын сіңіру. Бір орталықта қызмет ететін жастарды, ардагерлер мен ақ жаулықты аналарды, мәдени мекемелерді ортақ іске жұмылдыру.
Жаңа ғимараттың ауласынан бастап-ақ ерекше көңіл-күйге бөленесің. Жас шыршалар қаз-қатар тізіліп, теп-тегіс жолмен сәні мен салтанаты үйлескен ғимаратқа бет аласың. Есігінен енген сәттен бастап заманауи дизайнмен өрнектелген әсем орталыққа тап боласың. Мұражайының өзі көздің жауын алып тұр. Мұнда жақында ғана Жаңқожа батырдың қылышы уақытша тұрды.
Иә, өскелең ұрпаққа тәрбие мен өнеге беретін ғимараттың «Руханият» аталуы тегін емес. Аймақта былтырғы жыл «Руханият жылы» болған еді. Ел арасында рухани әмбебап орталығын құру идеясы Ұлттық құрылтайдан кейін туындады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алқалы жиында «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбына айырықша тоқталып, қазақстандықтарды біріктіруші ұлт ретінде дамуы тиіс аспектілерді айқындады. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда президент құрылтайдың келесі V отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Облыста барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары» салынды. Ұлттық құндылықтар үндесіп, салт-дәстүріміздің сақталуы мен дәріптелуін мақсат еткен мекен – халыққа тарту етілген рухани азықтың ордасы. Орталық алдағы уақытта аудан тұрғындарының нағыз рухани құтты мекеніне айналарына кәміл сенеміз.

Айнұр ӘЛИ


24 мамыр 2025 ж. 34 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 36

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 35

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031