Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Руханият орталығы» ашылды

«Руханият орталығы» ашылды

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Облыс әкімі жиналған қауымды Жеңістің 80 жылдығымен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
«Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Біз ержүрек батыр бабаларымыздың алдында мәңгі қарыздармыз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет», – деген болатын. Өткен 2024 жылы өңірімізде «Руханият жылы» жарияланып, мәдени-көпшілік шаралармен бірге ауқымды жобаларды жүзеге асырдық. Алдағы уақытта да Сыр мәдениеті мен руханиятын қолдау жалғаса береді.
Биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы құрылтайдың келесі V отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Өздеріңізге белгілі, өңірімізде барлық 7 ауданда «Руханият орталықтары» салынды. Бұл жерде ұлтымыздың құндылықтары дәріптеліп, салт-дәстүрлеріміз кеңінен насихатталады. Бүгін өздеріңізбен бірге Қазалы ауданындағы «Руханият орталығын» ел игілігіне табыстаудамыз. Жаңа ғимараттағы бастамалар рухани қазынамызды толықтырып, халқымыздың өміріне қуаныш сыйласын!», – деді Н. Нәлібаев.
Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа нысанның құрылысына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сенат депутаты Наурызбай Байқадамов құттықтау лебізін жеткізіп, Қызылорда облысының құрметті азаматы Самұрат Имандосов батасын берді.
Айта кетейік, «Руханият орталығының» ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар.
Соңғы жылдары Сыр өңірінде құрылыс қарқынды жүруде. «Анаға тағзым», Отбасы орталығы, көпфункционалды 1000 орындық Өнер орталығы, «Самұрық қазына» қорымен бірге Үстел теннисі орталығы, «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы салынып, ел игілігіне табысталды. Жаңадан симфониялық оркестр, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталып, Жыраулар үйі жұмысын бастады.
Кеше ғана облыс орталығынан бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған Шығармашылық-инновациялық академиясы ашылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі салынуда. Ассамблеяның 30 жылдығы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ қолдауымен жаңадан «Достық үйі» бой көтеруде.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 мамыр 2025 ж. 56 0

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 52

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031