Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы қоңырау қалай өтеді?

Соңғы қоңырау қалай өтеді?

Биыл Қызылорда қаласындағы мектептерде 3895 оқушы 11-ші сыныпты бітіреді. Жалпы Қызылорда қаласы бойынша 85 орта мектеп бар. Бұл туралы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Қанат Әбдіқадыров айтып берді.

– 2024-2025 оқу жылында жалпы қала бойынша 3895 оқушы 11-ші сыныпты бітіреді. Оның ішінде 273 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 408 оқушы үздік аттестаттан үмітті болып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы оқу күні 23 мамырда өтеді. Барлық мектепте «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылады. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келуіне байланысты 11-ші сынып түлектері үшін салтанатты шара қала көлемінде бір мезетте 23 мамыр күні сағат 09.00-де мектеп қабырғасында немесе мектеп ауласында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтеді, – деді Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Қанат Әлібекұлы.

Білім бөлімі бас мамамының айтуынша, 11-ші сынып түлектері үшін ұйымдастырылатын салтанатты шарада қаржы талап ететін безендірулер, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, автокөліктермен кортеджге, экскурссияға шығуға, табиғат аясына серуендеуге, өзен-көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуіне болмайды. Аталған мәселелер бойынша мектеп ұжымына, ата-аналарға, оқушыларға ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек 23 мамыр күні мектеп ұжымынан жасақталған рейдтік топтар қалалық паркте, жағажайларда, түнгі клубтарда, ойын-сауық орталықтары мен мейрамханаларда аралау жұмыстарын жүргізеді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
21 мамыр 2025 ж. 179 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930