Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында мектеп жанынан 55 жазғы тынығу лагері ұйымдастырылады

Қызылорда қаласында мектеп жанынан 55 жазғы тынығу лагері ұйымдастырылады

Қызылорда қаласында балалардың жазғы демалысын үйлестіру бағытындағы тиісті ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл туралы Қызылорда қалалық білім бөліміндегі мамандар айтып берді.
 – Биылғы жазғы демалыс кезеңінде 54663 оқушыны немесе 99,3% білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарлануда. Оның ішінде, мектеп жанынан жұмыс істейтін 55 жазғы тынығу лагерінде 6 мыңнан аса оқушы демалады. Аймақтағы қала сыртында орналасқан 2 лагерь мен орталықтарда 4 ауысымда 1888 бала демалыспен қамтылады.
Бүгінгі күні білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жанынан құрылған жазғы тынығу лагерьлерінде дайындық жұмыстары аяқталуда. Осы жылдың 2 маусымынан бастап балаларды қабылдауға дайын, – деді Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрқанат Амантаев. Айта кетейік, бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен Түркістан облысы, Төле би ауданы, Біркөлік елді мекеніндегі «Қуаныш» лагерінде 200 оқушы, демеушілер мен кәсіподақтар есебінен жобамен 200-ден аса оқушы тынығады.
Білім бөліміндегі мамандар балалардың 5 категория бойынша қамтылатынын мәлім етті.
 – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64-ші қаулысына сәйкес негізгі 5 категория бойынша балалар қамтылады. Атап айтқанда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, отбасыларда тұратын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды. Бұл мақсатқа бюджеттен 55 млн 580 мың теңге қаражат қаралды.
Сондай-ақ, 9 мектеп жанында киіз үйлі этнолагерьлер, 18 шатырлы лагерьлер жұмыс жасап, онда 788 бала қамтылатын болады.
Биылғы балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы бір ерекшелік, жұмысшы мамандықтары жылына орай «Жас Sкills» жобасы жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларын өңірдегі 18 колледждің (8 мемлекеттік, 10 жеке) материалдық – техникалық базасымен таныстыру, жұмысшы құзіреттілігі туралы жан-жақты кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылығын арттыру бағытында шаралар қабылданады.
Мектеп, колледждерден бөлек, облыс аумағындағы қосымша білім беру ұйымдарында да (оқушылар сарайы, өнер мектептері) жазғы лагерьлер жұмыс істейді. Биыл да жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды өз деңгейінде үйлестіреміз, – деді білім бөлімінің әдіскері.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
21 мамыр 2025 ж. 68 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 594

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 037

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031