Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ашығудың адамға пайдасы қандай?

Ашығудың адамға пайдасы қандай?

Фото: pixabay.com
Ашығу – адам организмін тазартудың ең тиімді әдісі саналады. Оның пайдасы мен зияны қандай? Бұл туралы ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің эндоскопист-дәрігері Шоқан Секербеков мәлімдеді, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, ашығудың организмге зияны жоқ.

Жекелей алғанда, ашығу – организмге өте пайдалы деп айтар едім. Өйткені, тоқ ішектің бактериялары жаңарады. Әрине, ең бірінші, ашығу кезінде шектен шығып кетпеген жөн. Дұрыс ашығу – қашан да пайдалы.

Ашығудың медицина тұрғысынан да, діни көзқарас тұрғысынан да организмге әкелетін пайдасы көп. Мәселен, ашығу арқылы жүрек ауруларының, неврологиялық проблемалардың, қант диабетінің, түрлі қабынулардың, күйзелістің алдын алуға болады. Гормон реттеліп, салмақты қалыпқа келтіруге үлкен мүмкіндік, - деп атап өтті эндоскопист-дәрігер.

Алайда дәрігер шектен шықпаған дұрыс екендігін алға тартты.

Ашығу – әр адам үшін жеке. Ашығуды бастамас бұрын адамның салмағы, жасы, қай қалада тұратыны, күннің түсуі, ауа райы, климат бәрі ескеріледі. Ашығу арқылы ағза жылдар бойы жиналған токсин мен шлактардан тазарады. Ашығудың пайдасы дәлелденген миллион зерттеу бар. Сондықтан дәрігер ретінде сауатты ашығуды, дұрыс тамақтануды ұсынамын, - дейді Шоқан Секербеков.
19 мамыр 2025 ж. 305 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031