Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қыста салмақ қоспас үшін

Қыста салмақ қоспас үшін

Қыс мезгілінде көпшілігі артық салмақ қосып алады. Ал артық салмақтың өзіндік машақаты мен әуресі бары белгілі. Ендеше қыстыгүні артық салмақ қоспаудың негізгі жолымен таныса отырыңыздар.
Артық салмақтан арылудың ең тиімді жолы – дұрыс ашығуды үйрену. Ұзақ уақыт ашығу – семіздікті, терінің және шырышты қабаттың ойық жараларын, экземаны емдеуге қолданылады. Оның түк те қиындығы жоқ. Тек мына төмендегі жайларды есте ұстаған дұрыс.
1. 3-7 немесе 10 күн ашығу – ағзаны қалдықтардан және токсиндерден тазартудың тамаша әдісі. Қысқа мерзім 1-3 күндік ашығу хирургиялық оталардан соң, әсіресе жоғары температурамен қатар өтетін асқазан-ішек және респираторлық жұқпалардан кейін тез сауығуға көмектеседі.
2. Бір күндік ашығу — барлық сау адамдарға, кез келген жастағыларға да ұсынылады. Аптасына бір күнді тек қайнатылған су ішіп өткізу көп адамдар үшін қажеттілікке айналады. Ол әсіресе әйелдерге тиімді. Мұндай ашығу асқазан-ішек жолына жасалған үлкен жеңілдік.
3. 3-14 күндік ашығулар тек асқазан-ішек жолын тазартуға көмектеседі, ал 3-30 күндік ұзақ ашығулар ағзаны жылдар бойы жинақталған дерттерден дәрісіз сауықтырады.
4. Ағзаға ас түспеген кезде ол өз-өзін қорыта бастайды. Ең алдымен май мен жаман, ауру жасушалар қорытылады. Нәтижесінде май қатпарлары азаяды, тері жақсарады, ойық жаралар жазылады.
5. Көбіне 3-7 күндік ашығулар ағза түрлі қалдықтарға толғанда аса пайдалы. Ағзаның ластануы әлсіздіктен, енжарлықтан, бастың ауруынан, дене және ақыл-ой потенциялының төмендеуінен көрініс табады. Ашығудан соң мұндай адамға «қанат бітіп», өзін аса сергек сезінеді.
6. Кейде ашығу арық адамдардың толуына да көмектеседі. Бұл кезде ағзада зат алмасу күшейеді және ашығу аяқталған соң адамның ас қорыту және қоректік заттардың сіңіруі айтарлықтай жақсара түседі.
Есіңізде болсын, ашығу әр адамға әр түрлі әсер етеді және нәтижесі де әр түрлі болады. Ашығудың әсері адамның салмағына, дене бітіміне, жасына, физиологиялық ахуалына, өмір салтына, қалыптасқан әдеттеріне, тіпті отбасы жағдайына да байланысты. Сондықтан ағзаны мұндай стреске ұшыратпас бұрын, ол сізге қажет пе, оған шыдай аласыз ба, сізге ол пайда әкеле ме, соны ой сарабынан өткізіп алыңыз. Дәрігермен ақылдасыңыз.
Сонымен қатар ашығу – адамның ерік-жігерін сынайтын әдіс екенін ұмытпаңыз.
massaget.kz

18 ақпан 2020 ж. 947 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 80

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930