Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлттық Мақтаныш – ҚазҰУ»

«Ұлттық Мақтаныш – ҚазҰУ»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болашаққа нық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті.
Қара шаңырақтың қоластына жиылған ізденушілердің талабын тауға қарай домалатар жағдайдың барлығы да жасалған. Әрине мұны ғажайып әлем десе де болар, ең бастысы талай бала кыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы теренде жатқан ҚазҰУ-ды бір сәтке көз алдына елестететін жеке мұражай, заман талабына сай жабдықталған үш жүз адамдық интернет орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық университет көптеген игі бастамалар мен жобалардың ұйымдастырушысы. Студенттерге сапалы білім берумен қатар қазіргі студенттің болашақ бәсекеге қабілетті маман, қарымы күшті, жан-жақты, ұлтжанды саналы азамат ретінде қалыптасуы үшін түрлі жобаларды іске қосуда.
ҚазҰУ халықаралық QS World University Rankings рейтингінде 175-орынға ие болды. QS Asia University Rankings 2023 бойынша Орталық Азиядағы №1 университет атанды. Сондай-ақ, QS Stars Rating System жүйесінде жоғары баға алған Орталық Азиядағы жалғыз университет болып табылады.Университет QS Stars Rating System жүйесінде бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары бағаалып, «жұлдызды» университет мәртебесін иеленді. Бұл жүйе білім беру сапасы, жұмысқа орналасу, ғылыми зерттеулер, халықаралық студенттер мен оқытушылар қатысуы сияқты факторларды бағалайды.
Әлемдік ірі жоғары технологиялық корпорациялар – «Hewlett-Packard», «Cisco», «Koniсa Minolta», «Samsung», «Alcatel», «Microsoft», «Huawei» университеттің білім беру ісіне белсенді түрде атсалысып, өздерінің ғылыми-білім беру орталықтарын ашты. ҚазҰУ – білім берудің барлық деңгейлерінде ағылшын тілінде оқытуды алғашқы бо¬лып бастап, бүгінгі таңда университет мамандықтарының 70% -дан астамы ағылшын тілінде оқытылады. Осыған сәйкес ҚазҰУ-да еліміз бойынша ең көп шетелдік студенттер білім алуда. ҚазҰУ – әлемнің озық үлгідегі үздік уни¬верситеттерімен 70-тен астам қосдип¬лом¬дық бағдарламаларды жүзеге асырды.
Кукиев А.Д,
“Қаржы және есеп” кафедрасының аға оқытушысы.
Құрманбай Абылайхан,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қаржы мамандығының студенті.
11 мамыр 2025 ж. 57 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 49

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 66

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031